427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы қазақ театры қашан салынып бітеді?

  • 48
  • UPD: 21:18, 18.10.2020
Петропавлдағы қазақ театры қашан салынып бітеді?

Петропавлда Николай Погодин атындағы орыс драма театры жаңарады, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 250 млн теңге қаржы бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары ерекше сәулеттік стильде жүргізіліп жатыр. Қаладағы тағы бір өнер ордасы қазақ драма театрының құрылысы биыл бітпейтін секілді. Себебін аймақтағы арна тілшісі Айдарбек Айтмұхамбетұлы анықтап көрді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Николай Погодин атындағы орыс драма театры қазір актерлердің емес, құрылысшылардың жұмыс орнына айналды. 600 көрерменге арналған өнер ордасында күрделі жөндеу жұмыстары қыж-қыж қайнап жатыр. Желтоқсанға дейін ғимарат адам танымастай өзгеруі тиіс.

Спартак Рамазанов, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

- Театрда мына кіреберістен киім ілетін жер – гардероб соны өзгертеміз. Сосын соның алдындағы залды мына кулуарлар екінші қабатты және көрермендер залында және фасадты түгел әйнектер ауыстырылады. Бүкілі заманға сай өзгерістер болады.

Ал, жаңадан салынып жатқан қазақ драма театрында тым-тырыс. Құрылысшылар кестеден қалып қойған. Қазір 200 адамның орнына 40-ақ кісі жұмыс істеп жүр. 2018 жылы басталған жұмыс желтоқсанда аяқталуы тиіс. Бірақ оған ешкім сенбейді.

Есләм Нұрғалиев, Құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- Қазір кесте бойынша сыртқы жұмыстар толық аяқталып, шатыры жабылуы тиіс еді. Өкінішке қарай, мердігер ұйым үлгермей жатыр. Биыл да бітпейді. Жылдың соңында тиісті шара қолданамыз.

Қазақ театрының құрылысына 3 млрд теңге бөлінген. Оның ашылуын актерлер бұрынғы ескі ғимаратта күтіп жүр. Енді олар жаңа сахнаға келер жылы шығуы мүмкін.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы