428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда әуежай құрылысшылары жалақысына қол жеткізе алмай жүр

  • 81
  • UPD: 08:55, 19.10.2020

Түркістандағы Халықаралық әуежайдан тағы да шу шықты. Бұл жолы осындағы қосалқы мердігерге техникасын жалға беріп, бірнеше айдан бері өздеріне тиесілі ақшаларын ала алмай жүрген жергілікті кәсіпкерлер шағым айтты. Жұмыс берушінің тұрғындар алдындағы берешегі бірнеше миллион теңгеден асады. Егер жағдай ушыға берсе, іс сотқа жетуі мүмкін.

- Қара жұмыстың бәрін біз жасадық. Олар ақшаны бөле алмай отыр екі ортада. Біз ақшасыз отырмыз алақанымызы жайып…

Бұл өздеріне тиесілі ақ-адал ақшасын ала алмай жүрген жергілікті кәсіпкерлер. Олар наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген «АБС» деген қосалқы мердігер компаниямен келісім-шартқа отырып, өз техникасын жалға берген. Соның нәтижесінде 30-дан аса тұрғын жұмыспен қамтылған. Қосалқы мердігер алғашқы айларда жартылай болса да ақысын төлеп отырған. Ал соңғы 3 айдың көлемінде соқыр тиын да татырмапты. Жұмыс әлде қашан біткен. 

Сәкен Айнабаев, жеке кәсіпкер:

- Менің екі эксковаторым жұмыс істеді күндігіне 80 мың теңгеге келісіп келгенбіз. Бірінші 1 млн теңге аударып берді. Уақыт өте тағы бір аударды. Одан кейін төлем болмады. Тоқтап қалды. Содан бері күніге келесі апта, ертең, арғы күні деп әлі созып келе жатыр. Маған 3,5 млн теңге қарыз. Жүргізушілерім де айлық алмады. Бала-шағасы бар. Олар менен сұрайды, мен бұлардан сұраймын.

Ағабек Молдабаев, жүргізуші:

- Эксковатор айдағам, сол екі айлық көлемінде 550 мың ақшамды бермей жатыр. Осы жерде тұрған кісілерге біреуіне 10 млн, біреуге 5 млн, жалпы 40 млн теңге қарыз мердігер компания.

Әрқайсысының қолында ресми келісім-шарт пен атқарылған жұмыстың есебі бар оннан аса кәсіпкер мен отыз шақты жұмысшы алаяқ мердігердің уәдесіне әбден тойған. Тіпті маңдай тер, еңбекақысын сұрап хабарласқанардың телефонын көтермейді. «Көтерсе де марымды жауап ала алмаймыз» дейді ашынған тұрғындар. 

- А за деньги кто отвечает конкретно?

- Туркам скажи, что не платят.

- Они вам не платят, да? Турки.

- Да.

- Они говорят- мы погасили. Вы наоборот должны им. 

Халықаралық әуежайдың бас мердігері түріктің «ИДА ИНШААТ» компаниясы.

Облыстық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, оның құрылысшылар алдында ешқандай қарызы жоқ. Бар мәселе қосалқы мердігер АБС компаниясынан шығып отырғанын айтады.

Ролан Ибрагимов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Зерттеу барысында анықталғаны «ИДА ИНШААТ» компаниясында «АБС» деген астаналық компания қосалқы мердігер болған. Олардың арасында ешқандай берешек жоқ. Яғни «ИДА ИНШААТ» компаниясы қосалқы мердігерге атқарылған жұмыс актісіне сәйкес барлық қаржысын төлеген. Алайда «АБС» компаниясы басқа да мекемелерді жұмысқа тартқан. Ол өз тарапынан келімшарттың міндеттемелерін, қызмет көрсеткен адамдарға қаржысын бермей отырғаны анықталды. Біз олармен байланысқа шықсақ жауап бермейді.

Бұндай жағдайда жергілікті билік кәсіпкерлерге көмектесе алмайтынын айтады. Себебі зардап шеушілер үшінші тарап, олар қосалқы мердігермен келісім-шартқа отырған. Сондықтан мұны тек сот арқылы ғана шешуге болады.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы