428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 125 бала коронавирустан емделіп жатыр

  • 100
  • UPD: 09:21, 19.10.2020
Қазақстанда 125 бала коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 682 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 125 бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр, 627 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Хабар 24 телеарнасы