422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы бизнес-орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды

  • 192
Алматыдағы бизнес-орталықтан 300-ге жуық адам эвакуацияланды instagram.com/qaznews

Орталықтан табылған сөмкеден күдіктенген келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды.

«Бұл туралы қалалық полиция департаментінде айтылды», деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төтенше жағдай туралы ақпарат Instagram-да пайда болды. Кадрларға ғимарат жанында жиналған қызметкерлер көрсетілген. Полиция оқиға 19 қазанда болғанын айтты. Адамдар 12:40-та эвакуацияланды.

«102 пультіне күдікті сөмкенің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Мұндай хабарламаларға алғашқы әрекет ету шаралары аясында қаланың шұғыл қызметтері тартылды. Бірінші кезекте бизнес-орталық кеңселерінің қызметкерлері мен келушілерін шұғыл эвакуациялау жүргізілді», – деді Полиция департаментінде.

Нәтижесінде cөмкенің иесі табылды. Ведомствода ол оны ұмытып кеткен екен деп түсіндіріледі.

Хабар 24 телеарнасы