422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Саран қаласы сусыз қалды

  • 205
  • UPD: 17:36, 19.10.2020
Саран қаласы сусыз қалды

Қарағанды облысының Саран қаласы сусыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әбден тозығы жеткен магистральды құбыр жарылып, коммуналдық қызмет тіршілік нәрін тоқтатуға мәжбүр болған. Қазір жөндеу бригадасы апатты қалпына келтіріп жатыр. Түнге дейін қайта қоспақ. Ал әзірге 7 көлік ауызсуды тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жеткізіп беруде. Бірақ ұзын-сонар кезек пайда болған. Жергілікті биліктің айтуынша, 7 шақырым құбыр сонау 1946 жылы салыныпты. Содан бері бірде-бір рет күрделі жөнделмеген. Тек биыл ғана қаржы бөлініп, ауыстырылып жатыр. Жауапты мамандар қазан айының соңына дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп ант-су ішуде. 

Дина Адиатуллина, Саран қаласының тұрғыны:

– Кезекте тұрған кісінің санын көріп тұрсыздар, өте көп. Мына су барлығымызға бірдей жетпейтіні анық. Сондықтан үнемдеуге тура келеді. Суды қосамыз деп уәде беріп отыр. Күтуден басқа амал жоқ. 

Алмаз Сүлейменов, Саран қаласы әкімінің орынбасары:

– Екі шақырымын жөндедік. Бүгінгі күні 500 метрін жөндеп жатырмыз. Әбден шіріп, тозған жерлерін ауыстырып жатырмыз. Қазанның аяғына дейін тағы екі шақырымын жөндесек, судың мәселесі шешіледі.

Хабар 24 телеарнасы