422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: елордадағы инфекциялық стационарда 29 науқас ем қабылдап жатыр

  • 273
  • UPD: 19:52, 19.10.2020
COVID-19: елордадағы инфекциялық стационарда 29 науқас ем қабылдап жатыр

Мысырдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Шарм-эль-Шэйх қаласынан елордаға ұшып келген әйелде ПТР тест анықтамасы болмаған. Салдарынан ол әуежайдан бірден карантиндік стационарға жеткізіліп, зертханалық тексеруден өтті. Нәтижесінде инфекцияның симптомсыз түрі тіркелді. Мұндай жағдайда науқастар үйінде бақыланады. Бірақ инфекция жұқтырған әйел облыс тұрғыны болғандықтан, ол бірден елорданың инфекциялық стационарына жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, онда науқас толық тексеруден өткенше, шамамен бес күндей бақылауда болады. Егер коронавирустың клиникалық белгілері білінсе, бірден ем-дом қабылдайды. Бүгінде қалалық инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған 29 науқас ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы