422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда жыл басынан бері 13 адам ата-ана құқығынан айырылған

  • 257
  • UPD: 21:26, 19.10.2020

Қазір полицейлер туған балаларына қарамаған тағы бір әйелге қатысты комиссия отырысын өткізіп, іс қағаздарын сотқа дайындап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмыссыз келіншек ішімдікке салынып кеткен.

Бұл үй қашан да ашық-шашық. 33 жастағы әйел ішіп кетсе, балаларын жалғыз тастап кетеді екен. Тіпті, бір рет полицейлер келгенде 1 айлық шақалағы 13 жастағы ағасымен қалған. Қыдырымпаз аналары бұл жолы тағы да «қоямын» деп отыр.  

Ол осылай бір емес, бірнеше рет уәде берген. Бұл жолы полицейлер ісін комиссия отырысында қарастырып, оны ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттарын сотқа жіберді. 

Айгүл Кәрімова, қалалық ПБ кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы:

– Қазіргі уақытта бұл кісі бізде бақылауда тұр. Біз апта сайын бұл кісінің үйіне барып, мекенжайы бойынша тексеріс жасаймыз. Сонымен қатар үйінде деген жағдай кішкентай балалардың тұруына ешқандай жағдай жасалмай жатыр. Айтылған ұсынымдарды бұл кісі атқармай жүр. Қазіргі уақытта бұл адамға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттар, одан материалдар жиналып жатыр.

Ата-ана құқығынан айырылған адамдар балаларын қайтарып ала алады. Ол үшін бір-ақ мүмкіндік берілген: жаңа өмір бастап, түзелу. Өйткені, оларға ешкім ата-ана бола алмайды.  

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы