419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жәрдемақы әр балаға төленуі тиіс – «Ауыл» партиясы

  • 824
  • UPD: 22:17, 19.10.2020

Жәрдемақы әр балаға төленуі тиіс. Мұндай ұсынысты «Ауыл» партиясы өкілдері көпбалалы аналармен және Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрімен өткен дөңгелек үстелде көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында әлеуметтік саясатты қалыптастыру керек деген тұжырым айтылды. Бала туғанда және бала күтімі кезінде мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдер өте төмен деген шағым айтылды. Мемлекеттік органдарға баланы туғаннан бастап 18 жасқа дейін әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандартын енгізу ұсынылды. Төлемдер отбасының табысына, балалар санына қарамай, барлық жанға төленуі керек. Сондай-ақ ауыл тұрғындары мемлекет қолдауына ие болу үшін өз табыстарының төмен деңгейін дәлелдемеуі тиіс. «Бұл біздің болашақ үшін бүгін атқарар ауқымды жұмысымыз болуы тиіс», – деді «Ауыл» партиясының мүшелері.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы:

– Әлеуметтік қорғау саясатында көп нәрсені өзгертетін уақыт келді деп ойлаймыз. Біріншіден, қазіргі уақытта әлеуметтік саланы басқаратын түрі де көп, соларды жүргізетін нормативтік құжаттар да көп. Кейбір кезде осымен айналысатын сарапшылардың өзі де шатасып жатады. Сондықтан әлеуметтік қолдау шараларын және нормативтік құжаттардың санын азайту керек.

Хабар 24 телеарнасы