425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында карантин талаптары күшейтілді

  • 200
  • UPD: 22:00, 19.10.2020
Қостанай облысында карантин талаптары күшейтілді

Бұдан былай тамақтану орындары кешкі он бірге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келушілер саны 30 адамнан аспауы тиіс. Ашық аспан астындағы аттракциондар жұмысына да тыйым салынады. Аймақта демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды. Сенбі, жексенбіде аумағы екі мың шаршы метрден асатын дүкендер мен спорттық-сауықтыру орталықтары жабық болады. Осы күндері азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар да жұмыс істемейді. Фитнес орталықтар, монша-сауналар да демалыс күндері келушілерді қабылдай алмайды. Аталған шектеулер 20 қазанда сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.

Владимир Нечитайло, облыстың бас санитар дәрігері:

– Біз Ресей Федерациясымен шектесетін аймақпыз. Қазір Челябі облысында вирус өршіп барады. Сол себепті көрші ел шекерасы аумағында санитарлық бекеттер қою жоспарланған. Оның жұмысы ПТР тексеріс жасамаған азаматтарды шекарадан өткізбеуге негізделеді.

Хабар 24 телеарнасы