423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында той жасағандар жауапқа тартылды

  • 270
  • UPD: 23:22, 19.10.2020

Той-томалақ тиылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туыстарын жинап, құда күткендерге әкімшілік хаттама толтырылды. Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі дәмханалардың біріндегі дүркіреген той бел ортасынан үзілді. Карантин талаптарын ескермей, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламентті бұзған тұлғалардың мәселесімен енді құзырлы орган айналысады. Есігін ішінен іліп алып, рұқсатсыз қызмет ұсынған қос бірдей компьютер клубының заңсыз әрекеті де кезекті рейд барысында әшкере болды. Өңірде карантин басталған шілде айының 5-нен бері 679 құқық бұзу дерегі анықталса, соның 370-і дәмхана, мейрамханаларда той жасаумен байланысты екен.

Хабар 24 телеарнасы