422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау мектептеріндегі эпидахуал тексерілді

  • 178
  • UPD: 09:05, 20.10.2020
Атырау мектептеріндегі эпидахуал тексерілді

Атырау қаласындағы мектептердің көпшілігі оқушыларды қабылдауға дайын емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдайды облыстық санитарлық дәрігерлер мен білім саласының мамандарынан құралған мониторингтік топ анықтады. Елді жайлаған пандемияға байланысты барлық білім ошақтарында карантиндік тәртіп күшейтілген болатын. Жалпы мұнайлы өңірде орта білім беретін 196 мектеп бар. Онда қазір қысқартылған жүйеде 13 мыңнан астам бала білім алып жатыр. Бірақ оқу орындарындағы санитарлық жағдай сын көтермейді екен. Атап айтқанда, санитарлық қорғаныш құралдары жеткіліксіз. Балаларды тіркеу журналдары жүргізілмеген. Бұл жағдайларды сарапқа салған дәрігерлер қалалық білім бөліміне ескерту жасады. Мұндай тексерулер алыс ауылдардағы мектептерді де қамтитын болады.

Феруза Шәңгереева, қалалық білім бөлімінің басшысы:

- Кейбір мектептерімізде кемшіліктер болды. Журналдарды толтыру бойынша. Сонымен қатар арақашықтық белгілердің кейбір мектептерде дұрыс емес жасалғаны анықталды. Мұның бәрі қалпына келтірілді. Әр саныпта 15 баладан оқиды. Мектептердің әрқайсысында санитарлық талаптарға байланысты құрал-жабдықтар алынды.

Хабар 24 телеарнасы