425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақсай тұрғындары тротуарлар құрылысындағы кемшіліктерге наразы

  • 202
  • UPD: 09:18, 20.10.2020
Ақсай тұрғындары тротуарлар құрылысындағы кемшіліктерге наразы

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласының тұрғындары тротуарлар құрылысындағы кемшіліктерге наразы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, мына бір тұста жолдың қақ ортасына бағаналар қойылса, емханаға келетін ақсайлықтар газ құбырынан секіріп өтуге мәжбүр. Жақында жаяу жүргіншілерге арналған жолдың бұл бөлігінде жөндеу жүргізіліпті. Жолдың ені екі есеге ұлғайтылып, жаңадан асфальт та төселген. Тротуар астынан газ құбыры алдын ала өткізілді. Алайда, газ құбыры желісіне қосылу үшін газ жеткізуші компанияның рұқсаты керек екен. Олар есеп-қисабын жүргізбейінше мердігер де ештеңе істей алмайды. Биыл Ақсайда 26 шақырымдай автокөлік жолы жөнделген. Осындай көлемде тротуар төселді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге қаражат жұмсалды.

Амангелді Тоғызбаев, Ақсай қаласының әкімі:

- Бұрынғы газ құбырын кесу жұмыстары барысында көгілдір отын беруді тоқтата тұрады. Кейін шығын мөлшері есептелген соң бұл жердегі құбырды алып тастаймыз. Оның қала тұрғындарына кедергі тұрғанын мойындаймыз.

Хабар 24 телеарнасы