423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Келесі аптадан бастап өзге елдерге қатынайтын ұшақтар саны азаяды

  • 195
  • UPD: 10:03, 20.10.2020
Келесі аптадан бастап өзге елдерге қатынайтын ұшақтар саны азаяды фото: fishki.net

Келесі аптадан бастап өзге елдерге қатынайтын ұшақтардың саны біршама азаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жолаушылардың ПТР-тесті тек 3 күнге ғана жарамды болады. Әуежайларда тексеріс күшейеді», - деп мәлімдеді ҚР Премьер-министр Асқар Мамин. 26 қазаннан бастап эпидемиологиялық ахуал тұрақты өңірлерде кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі. Бірақ сақтық шаралары міндетті түрде сақталуы тиіс. Көрермендердің арасында арақашықтық болуы керек және көрермендер маска тағуға міндетті. Залдағы кісі 30%-тен аспауы тиіс. Ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады. Қауіпті вирус өрши қоймаған өңірлерде сауда ойын-сауық орталықтары сенбі күні де жұмыс істей береді. Рас, кешкі 17:00-ге дейін ғана. Ал той-томалақ өткізуге, отбасылық жиындарды ұйымдастыруға әлі де рұқсат жоқ. Түнгі клубтар мен көңіл көтеретін орындар жұмыс істемейді. Сосын қалааралық автобустар да әзірше жүрмейді.

Хабар 24 телеарнасы