422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда құс тұмауынан 900 мыңға жуық құс қырылып қалған

  • 206
  • UPD: 11:39, 20.10.2020
Қазақстанда құс тұмауынан 900 мыңға жуық құс қырылып қалған

2005 жылдан бері мұндай жағдай болмаған екен. Соңғы бір айда 7 өңірде жоғары патогенді құс тұмауы тіркелген.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Жекенің шаруашылығында 26 мыңнан астам құс өлсе, ірі фермаларда 847 мың бас қырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жалпы құс санының 2%-ке жуығын құрайды. Құс тұмауы тіркелген күннен бастап өңірлерде жедел штаб құрылған. Инфекция ошақтары карантинге жабылып, сырттан құс өнімін әкелуге тыйым салынды. Үй құстарын вакцинациялау үшін 4,4 млн доза вакцина бөлінген. Қазір жеке аулалардағы құстың қырылуы тоқтады. 3 құс фермасында өлім-жітім азая бастады. Ауру құсты жою және иесіне құнын өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкімет басшысы жергілікті жерлерде мониторинг жүргізуді жалғастырып, жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы