425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар

  • 192
  • UPD: 11:46, 20.10.2020
Елімізде екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар

Коронавирустың тағы бір толқынына дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

8,2 млрд теңгеге 44 дәрілік препарат түрі сатып алынады. 15 қазандағы мәлімет бойынша 6 млрд теңгеге жуық ақшаға дәрінің 37 түрі алынды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына дәрінің 2 айлық қоры жиналды. Бұл бір айда стационарларда шамамаен 60 мың адамды емдеуге есептелген. Үкімет басшысы Асқар Мамин өңірлерде дәрі тапшылығы болмауы үшін тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ келесі жылға қажетті дәрі-дәрмекті осы бастан дайындау қажеттігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы