425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ветеринария саласында заң бұзғандарға 86,2 млн теңге айыппұл салынды

  • 178
  • UPD: 11:50, 20.10.2020
Ветеринария саласында заң бұзғандарға 86,2 млн теңге айыппұл салынды

Ветеринария саласында заң бұзғаны үшін 2 мыңнан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылған.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді.

Өткен жылы Қазақстан мен Ресей шекарасында 28, Қырғызстанмен арадағы шекарада 4 ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау пункті қойылған. Бұл шара сырттан қауіпті өнім кіргізбеу үшін жасалды. Жыл басынан бері 171 мың тонна өнім тиелген 17 мың автокөлік тексерілген. Осы саладағы заңды бұзып, ережені сақтамағандарға 87 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.

Хабар 24 телеарнасы