423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Блокбекеттегі оқиға: экс-полицей 10 жылға сотталды

  • 213
  • UPD: 15:03, 20.10.2020
Блокбекеттегі оқиға: экс-полицей 10 жылға сотталды tengrinews.kz

Карантин кезінде блокбекетті соғып, екі инспектордың өліміне себепкер болған экс-полицей Азат Азаматовқа бүгін сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысы, Қарасай аудандық соты Азат Азаматовты 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұл оқиға 25 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында болған. Сотта Азат Азаматов Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай шағын ауданындағы блокбекетті соққан уақытта ішімдік ішкені анықталды.

Қылмыстық іске байланысты сот отырысы қыркүйек айында басталған еді. Куәгерлер мен жәбірленуші тараптың барлығы тыңдалып, қылмыскер Азат Азаматов өз кінәсін толығымен мойындады. Енді ол өмірінің 10 жылын түрмеде өткізеді. Істі қараған Қарасай аудандық сотының судьясы Мәди Көшікбаев Азаматовқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 1-тармағының 4-бөлігімен белгіленген ең ауыр жаза тағайындалғанын айтты. Сондай-ақ ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды.

 

Хабар 24 телеарнасы