425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордаға ұшып келген 63 жолаушы стационарға жеткізілді

  • 222
  • UPD: 16:49, 26.11.2020
Елордаға ұшып келген 63 жолаушы стационарға жеткізілді

Карантин талаптарын пысқырмайтын жолаушылар азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәуліктің өзінде елордаға шетелдерден 470 адам келді. Оның 63-інде коронавирусқа қатысты тесттің анықтамасы жоқ. Барлығы арнайы стационарға жеткізілді. Бұған қоса, ертеңнен бастап халықаралық рейстер саны қысқарады. Әсіресе, Түркия, Украина, Германия және Біріккен Араб Әмірліктеріне барыс-келіске шектеу қойылмақ. Атап айтқанда, Стамбул мен Дубайға апта сайын қатынайтын рейстер саны төртеуге, Киев пен Франкфуртқа екеуге азаяды. Ал, ішкі рейстердің кестесі өзгермейді.

Естеріңізге сала кетейік, шетелден келетін жерлестеріміз ПТР-тесттің нәтижесін көрсетуге міндетті. Дегенмен, тест нәтижесінсіз келген екі шетелдік азамат өз елдеріне депортацияланды. Онда Ресей азаматының анықтамасының уақыты өткен, ал екіншісі Өзбекстан азаматында анықтама мүлдем болмаған. Олар әуежайдан кейін қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы