423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада карантинді қадағалайтын мобильді топ жұмысы күшейтілді

  • 194
  • UPD: 16:49, 26.11.2020
Елордада карантинді қадағалайтын мобильді топ жұмысы күшейтілді

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.

Шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен ұйымдастырылды. Күн тәртібінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай мәселелері және мобильді топтардың жұмысын күшейту, сондай-ақ жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу мәселелері талқыланды.

Жалпы елорда коронавирус инфекциясы бойынша сары аймаққа (қауіпті) кіреді. Сондықтан ерекше назар аударуды талап етеді.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде ШОБ субъектілері тарапынан карантин шаралары мен санитарлық ережелер бірнеше рет сақтамалмаған.

«Осыған байланысты құқық қолдану практикасы және ескертуді азайту мақсатында карантин шараларын үнемі бұзатын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұру мәселесі қаралатын болады», – деп атап өтті отырыс барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Сондай-ақ отырыс барысында салынған тыйымға қарамастан, кейбір ойын-сауық мекемелері өз қызметін жүзеге асыруды жалғастыруда. Ал мобильді топтар өкілдері объектіге кіріп, бұзушылықтарды тіркей алмайды. Өйткені күзет кіруге кедергі келтіреді немесе объект өз қызметін жабық есік режимінде жүзеге асырады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.Мәкен атап өткендей Covid-19-дың таралуын тежеу үшін шетелден және басқа облыстардан келушілерді ПТР-тестілеуден бұрынғыдай өткізу қажет. Сондай-ақ карантин режимі мен санитарлық нормалардың сақталуын тексеретін мобильді топтардың жұмысын күшейту тапсырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарды, кәсіпкерлік субъектілерін және т.б. дезинфекциялауды үнемі жүргізу маңызды. Халық қарапайым ережелерді елемей, адамдар өз өмірлеріне ғана емес, отандастарына да қауіп төндіретінін есте ұстай отырып, маска тағу қажет.

Хабар 24 телеарнасы