423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында озық үлгідегі 20 реанимобильдің кілті тапсырылды

  • 173
  • UPD: 15:28, 20.10.2020

Маңғыстау облысының жедел жәрдем станциясының көлік паркі жақын күндері толықтай жаңарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін озық үлгідегі 20 реанимобильдің кілті тапсырылды. Оның 13-і Ақтау қаласына, 5-і Мұнайлы ауданына, екеуі санитарлық авиацияға бөлінді. 30 қазанға дейін тағы 32 жедел жәрдем көлігі келеді. Бұдан бөлек, келер айда отандық УАЗ Patriot маркалы екі реанимобиль жеткізіледі. Індеттің ендігі толқынына тосқауыл қою мақсатында аймақ дәрігерлері екі бірдей жылжымалы медициналық кешенге қол жеткізді. Олар шалғай елді мекен тұрғындарына қызмет көрсетеді. Кешенде рентген аппараты, тіс емханасы мен зертхана бар. Сонымен қатар әйелдер дәрігері, терапевт пен көз, құлақ, мұрын ауруларын емдейтін дәрігерлер де ем шараларын жүргізеді. Бір тәулікте 300 адамды қабылдайтын болады. Облыс орталығындағы білікті мамандардан құрылған ұжым жақын күндері жолға шығады.

Ләззат Есенғалиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз қазір дайындық жұмыстарын кешенді жүргізіп жатырмыз. Қазан айының соңына дейін Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауылында ПТР зертхана ашылуы керек. «Қазіргі уақытта біздің облысымызда коронавирусты анықтайтын 5 зертхана бар. Бірі мемлекеттік, қалғаны жекеменшікте. Барлығы қоса алғанда, бұл зертханалар бір тәулікте 3700 ПТР-зерттеу жүргізуге қауқарлы.

Хабар 24 телеарнасы