425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейәдеп қылық көрсету және фонограмманы ескертусіз қолдану заңмен қадағаланады

  • 145
Бейәдеп қылық көрсету және фонограмманы ескертусіз қолдану заңмен қадағаланады

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Заң жобасына сәйкес музыкалық туындыларды орындаушылардың фонограмманы қолдануы туралы ережелер сөз болды. Құжатта сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған ақпарат ауқымына тыйым салу ережелері жазылған. Бұл көпшілік қатысуымен өтетін іс шараларға қатысты.

Сонымен қатар комитет отырысында заң жобасына ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың қолданылуы туралы көрерменге хабарлау жөнінде міндеттер енгізілді. Сенаторлар Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтауды қарастыратын Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын құру мәселесіне де ерекше назар аударды.

Хабар 24 телеарнасы