425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысы коронавнирустың екінші толқынына сақадай сай дайын

  • 169
  • UPD: 15:14, 20.10.2020
Павлодар облысы коронавнирустың екінші толқынына сақадай сай дайын

Ертіс өңірінде коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық аясында медициналық ұйымдарға арналған шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешенді шаралар аясында төсек-орын қоры бес есе артты. Қазіргі уақытта аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанмен, емханалар мен провизорлық орталықтар сақадай сай. Медицина ұйымдарындағы құрал-жабдық тапшылығын жою мақсатында жасанды демалу аппараттарының саны үш есеге, яғни 400 данадан асады. Сонымен қатар оттегі жетіспеушілігіне жол бермеу үшін концентраторлар саны 700-ден, ал оттегі нүктелерінің саны 500-дан аспақ.

Айта кетейік, алғашқы медициналық көмек көрсету мен ауруды алдын алу шараларына баса мән берілген. Бүгінде мобильді бригадалар саны айтырлықтай артты. Ал дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныш заттарының 45 күндік қоры әзірленген.

Ерғалы Асылбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы стратегиялық даму және инновациялық технологиялар бөлімі басшысының м. а.:

- Облыстағы төсек-орын қоры үш мыңнан астам. Егер науқастар саны күрт көбейсе, яғни тәулігіне 300 адам қабылданса, қуаттылықты бес мыңға дейін ұлғайта аламыз. Бұрынғы онкологиялық диспансердің ғимаратын жөндеуден өткіздік. Бұл жерде 300 орындық инфекциялық госпиталь болады.

Хабар 24 телеарнасы