422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда кейбір жерлерге жылу берілмеген - Тұрғындар «Хабар 24-ке» шағымданды

  • 217
  • UPD: 00:28, 21.10.2020

Жылу маусымы петропавлдықтар үшін қиындықпен басталды. Қаладағы әлеуметтік нысандар 15 қыркүйектен бастап қосылғанымен 40-қа жуық түрлі нысанға әлі күнге дейін жылу берілмей отыр.

Олардың қатарында тұрғын үйлер де бар. Мұндағы халықтың көбі несие алып, пәтерлерін орталықтандырылған желіге қосқан. Сәйкесінше пәтердегі пештерін де бұзып тастаған. Ал монополист компания болса түрлі сылтау айтып, олардың құжаттарын қабылдамай отыр. Мәселесін айтып талай табалдырық тоздырған тұрғындар еш нәтиже болмағаннан кейін біздің арнамызға шағымданды.

Нұржамал Сакикова, қала тұрғыны:

- Жатайық десек төсегіміз де сұп-суық. Кішкентай немерем бар. Одан қалса мінеки күйеуім жұмасына үш рет барады гемодиализге. Үйдің іші сұп-суық. Паналап қайын  апамның үйінде жүрмін. Олардың өз семьясы бар. Не айтам? Жылу берсін бізге. Не керектінің бәрін бердік. Төледік. Кімге қалай екенін білмеймін. Өзіме қиын.

Хабар 24 телеарнасы