427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО: Тұғыл ауылы ауыз суға қол жеткізе алмай келеді

  • 413
  • UPD: 18:32, 20.10.2020

Ел шығысындағы Тұғыл ауылын ауыз сумен қамту мәселесі әлі шешілер емес. «Біздің жанайқайымызға құлақ түрер ешкім жоқ» дейді тұғылдықтар. Осы елді мекен тұрғындарының сәуірден бері тіршілік нәріне қол жеткізе алмай жүргені туралы хабарымызда бірнеше рет айтқан болатынбыз.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбыры жүргізілгенімен одан еш қайыр болмаған. Мердігер компания өкілдері кедергі болған екі себепті айтып ақталуда. Біріншіден, қолданылған ұңғыма бүкіл ауылды сумен қамтуға жеткіліксіз болып шыққан. Бұл аз болғандай, салынған резервуардан ақау шығып, ішіне су тоқтамаған. Тұғылдықтардың ашу-ызасын тудырып отырған да осы жауап. Олар осыншама кем-кетігі бола тұра жергілікті атқарушы билік бұл су тарату нысанын қалай қабылдап алған деп ашынады.

Гуля Зиятова, Тұғыл ауылының тұрғыны:

- 2018-де бұл су негізінен қабылданып қойған су болған, тек 1 жылдан соң ғана бұл су халыққа берілді, төрт ақ ай ақты, сәуірден бастап міне бір грамм су жоқ, бәрі шулап жүр. Қазіргі күнге дейін үйімде су жоқ, резервуар бәрі қайта  істеліп жатыр. Ешқандай нәтиже жоқ. Қайда барсақ та ешкімнен бізге жауап жоқ. Еш нәтиже жоқ.

Хабар 24 телеарнасы