422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыдағы қоғамдық көлікте санитарлық талаптар сақталмайды

  • 187
  • UPD: 17:39, 20.10.2020
Қарағандыдағы қоғамдық көлікте санитарлық талаптар сақталмайды

Қарағандыда 6 бірдей мобильді топ күн сайын қоғамдық көліктерге тексеріс жүргізеді. Тәртіп сақшылары мен санитар дәрігерлер және әкімдік мамандары осылайша карантин режимінің бұзылмауын қадағалайды.  

- Әр рейсте сүртеміз ғой. Пришахтинскіге барамыз, сүртеміз, как положено.

- Перчатка, масканы қанша рет ауыстырасыз?

- Перчатка өзі біреу ғана береді ғой. Рабочий перчатка. Ал масканы мен екі рет ауыстырамын. 

Өкінішке орай, жолаушылардың көпшілігі бетперде тақпайды. Жүргізушілер мен кондукторлар да санитарлық талапты сақтай бермейді. Ал иін тірескен автобуста әлеуметтік арақашықтық туралы айтудың өзі артық. Әсіресе қарбалас шақта жолаушылар қоғамдық көлікке сыймай жатады. Сондықтан індетке тосқауыл қоюдың бір жолы автобус ішін жиі зарарсыздандыру. Соңғы 4 айда тек ғана Қазыбек би ауданында 2 мың 500 қоғамдық көлікке рейд жүргізіліп, 200 заң бұзушылық анықталған, 140 адамға айыппұл салынды.

Айгуль Шакарова, Қазыбек би аудандық ТКҚСҚБ бас маманы:

- Көпшілік жағдайда автобус жүргізушілері мен кондукторлардың өздері санитарлық талаптарды сақтамайды. Бетпердені уақытылы ауыстырмайды, бір реттік қолғапты кимейді. Әр рейс сайын соңғы аялдамада зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек, бірақ ол жұмыс та атқарыла бермейді.

Хабар 24 телеарнасы