422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында вирустың кезекті толқынына даярлық күшейтілді

  • 154
  • UPD: 23:02, 20.10.2020

Қызылорда облысында бүгін коронавирус жұқтырған 1 адам тіркелді. Науқас ПТР тест тапсырғаннан кейін анықталған. Жалпы соңғы бір ай шамасында «ковидке» шалдыққан 20-ға жуық адам анықталып отыр.

Осы ретте өңірде коронавирус инфекциясының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілді. Облыста 350 миллион теңгенің дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Жағдай күрделене түссе, 21 ауруханада 3 мың төсек-орын дайын. Сондай-ақ үй жағдайында ем алатындар үшін 161 мобильді топ құрылған. Індетке қарсы күреске тартылатын үш жарым мыңдай медициналық маманға 2 айға жететін қорғаныс құралы алынған. Өкпені желдететін аппарат саны 191-ге жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы