423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қай елдерге әуе рейстері қысқарады

  • 190
  • UPD: 17:36, 20.10.2020
Қай елдерге әуе рейстері қысқарады neonomad.kz

ҚР ИИДМ халықаралық жолаушылар әуе рейстерінің азайғаны туралы мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, 2020 жылғы 26 қазаннан бастап бірқатар елге/елден халықаралық жолаушылар рейстерінің саны азайтылады», – делінген ведомство таратқан мәліметте.

Атап айтсақ:

1) Біріккен Араб Әмірліктері – аптасына 8 рейске;

2) Беларусь – аптасына 5 рейске;

3) Германия – аптасына 2 рейске;

4) Украина аптасына 2 рейске азайтылады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды: (термометрия, әлеуметтік қашықтық, беитперде кию, ПТР тестінің және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.

Хабар 24 телеарнасы