422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында карантин талаптары күшейтілді

  • 202
  • UPD: 19:52, 20.10.2020
Қостанай облысында карантин талаптары күшейтілді

Коронавирус жұқтыру көрсеткіші күніне бес адамнан асқан жағдайда Қостанай облысында санитарлық бекеттер пайда болады. Бұл туралы бүгін аймақтың бас санитар дәрігері айтты.

Соңғы аптада қауіпті вирус облыстың 28 тұрғынынан анықталды. Олардың жартысынан көбі шекара асып келгендер. Індеттің алдын алу мақсатында арнайы бекеттер Челябинск, Орынбор облыстарымен шектесетін аумақтарда орнатылады. Қазір Ресейде COVID-19 індеті қатты тарап жатыр. Бүгіннен бастап Тобыл өңірінде карантин талаптары күшейтіліп, бірқатар шектеулер енгізілгенін айта кетейік. 

Владимир Нечитайло, облыстың бас санитар дәрігері:

- Біздің облыс коронавирустың таралу деңгейі бойынша елімізде «жасыл аумаққа» кіреді. Осы ретте кинотеатрлардың жұмысы дүйсенбі күні жандануы мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Бізде сенбіге дейін әлі уақыт бар. Бұл сұрақты қайта қарап шығып, олардың жұмысына қатысты тағы мәлімдеме жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы