423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысы көршілес елдегі эпидахуалға алаңдаулы

  • 258
  • UPD: 21:31, 20.10.2020

Ақтөбедегі санитарлық қызмет өкілдері Ресейдің шекаралық облыстарындағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына алаңдаулы.

Себебі аймақты көрші мемлекетпен байланыстыратын екі шекара бекеті бар. Күніне шамамен 500-ге жуық азамат кесіп өтеді. Қазан айында ел аумағына келген 4 адамнан Ковид-19 індеті анықталды. Қазір Ақтөбе облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанымен босаңсуға әлі ерте деп есептейді. Мамандар санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырады. Халық көп жиналатын орындарға маскамен баруды ұмытпаған жөн.

Нұрсұлу Беркімбаева, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысы:

- Қазан айының бірінен бастап бүгінге дейін Ақтөбе облысында коронавирус дертін жұқтырған 21 дерек тіркелді. Оның ішінде 13-інің айқын белгілері болса, 8 науқас симптомсыз. Қазір бұл азаматтардың барлығы санитар мамандардың бақылауында. Айта кету керек, 4 жағдайда ауру жұқтырған адамдар шетелден келген.

Хабар 24 телеарнасы