423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде карантиннің сақталуын мобильді топтар тәулік бойы күзетеді

  • 199
  • UPD: 19:53, 20.10.2020
Семейде карантиннің сақталуын мобильді топтар тәулік бойы күзетеді

Семейде соңғы бір айда карантиндік шектеулерді бұзуға байланысты 48 хаттама толтырылып, 1 миллион 652 мың теңге айыппұл салынған.

Қазір қалада 10 мобильді топ құрылып, күні-түні тексеру шараларын өткізеді. Әсіресе жиын-тойлар тоқтамай тұр. Кейбір мейрамхана иелеріне қатысты әкімшілік істер сотқа берілген. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша қазан айының 17-сінен бастап қарашаның басына дейін карантиндік шектеулер күшейтілген. Бұрын жабық базарлар мен сауда үйлері сенбі, жексенбіде белгілі талаптарға сәйкес жұмыс істеп келсе, енді демалыс күндері жабық болады. Сонымен қатар қалааралық, ауданаралық автобустар қозғалысы да тоқтайды. Тұрғындар маска тағып, әлеуметтік арақашықтық сақтауға міндетті. 

Берік Тілебалдин, қаланың бас санитарлық дәрігері:

- 30 адамға дейін өздері жәй кіріп, әркім тамақтанып, демалып кетулері керек. Ал жиналып, құдалық, той, көпшілік шаралар өткізуге болмайды. Мұндай шаралар әрине болып жатыр. Әрине біз де естіп жатырмыз. Кейінгі кезде жеке үйлерде, аулаларында киіз үй тігіп қойып жасап жатқандар болды. Тойханалар есіктерін жауып, арт жағынан кірген фактілер, мұндай 4-5 факт анықталып, тиісті шаралар қолданылды. Бір екеуінің ісі сотқа жіберілді. Эпидемиологиялық жағдай қалыптасқанша осындай қатаң тәртіпті сақтауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы