423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда коронавируспен күресте қайтыс болған жауынгер марапатталды

  • 243
  • UPD: 20:33, 20.10.2020
Ақтауда коронавируспен күресте қайтыс болған жауынгер марапатталды

Коронавируспен күресте көз жұмған маңғыстаулық жауынгер ведомстволық наградамен марапатталды.

Екінші дәрежелі «Ел қорғаны» медалі аға сержант Жолдасжан Эрешбаевтың туыстарына табысталды. Ол әуе қорғанысы күштерінің №51809 әскери бөлімінде қызмет атқарған еді. Биыл сәуір айында Ақтауда шағын аудандарды дезинфекциялаған топтың құрамына болды. Вирус жұқтырған 39 жастағы жігіт көп ұзамай орталық ауруханада қайтыс болды. Марқұмның артында әйелі мен бес баласы қалды.

Әділ Сүбебаев, ҚР ҚК №51809 әскери бөлімінің командирі:

- Оларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетіліп, тиісті төлемдер жасалып жатыр. Бүгін ҚР қорғаныс министрінің бұйрығымен аға сержант Жолдасжан Эрешбаевқа «Ел қорғаны» атты медалі ҚР қорғаныс күштері басшысының орынбасары, тәрбие және идеология жұмыстар департаментінің бастығы, 1-дәрежелі капитан Серік Жақсығалиұлы Боранбаев жеке құрамның алдында солдаттың әкесіне салтанатты түрде тапсырды. Эрешбаевтың отбасы мүшелері алғысын білдіруде.

Хабар 24 телеарнасы