422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда жылусыз қалған жаңа үй тұрғындары бүрсең қағып отыр

  • 205
  • UPD: 16:38, 21.10.2020

Елордадағы жаңа үйлердің бірінде тағы да шу шықты. Ілияс Омаров көшесіндегі кешен тұрғындары күннің суығында жылу толық берілмегенін айтып шағымданды. Үй иелері екі апта бұрын осы мәселемен арнамызға хабарласқан еді. Кейін жылу беріліп, құзырлы мекемелер мәселе бір жұмада толық шешілетінін айтқан болатын.

Ілияс Омаров, 23 көшесіндегі үй қазандыққа қосылса да жылу әлі толық берілмеген. Бір бөлмедегі батарея ыстық, ал екіншісінде суық. Кей пәтерлерде тіпті құбыр жарылып, бөлменің бәрін су басқан.

Сымбат Қалиасқаров, қала тұрғыны:

- Мынау міне балалардың жатын бөлмесі. Ертең қыста салқын болғанда қалай тұратынымызды мен білмеймін. Қазір енді грипп болып жатыр бүкіл жерде. Балалар ауырып қалады деген қауп бар. Ол жөнінде айтып жүргенімізге екі жұмадай болды. Бізге отоплениені жөндеп беріңіздер деп. Өкінішке орай, өздеріңіз көріп отырсыздар міне жылу әлі жоқ. 

Жылу жүйесіндегі шикіліктерді мамандар былай түсіндірді.

Самай Сақауов, сантехник:

- Мына жерде үш теплоузел бар. Үшеуінде обратный насос жоқ. Котельня бізде автономная. Онда бір ғана насос тұр. Обратный насос вообще жоқ. Поэтому біздерге 6-7 этаж ғана отопление беріп тұр. Ал қалған этаждарда квартираға не идет.

- Жалпы қанша насос болу керек?

- Жалпы алты насос болу керек. Котельныйде жеті насос болу керек. Олардың біреуі де жоқ бізде. Поэтому мыналарда самотек идет. Она подачу дает, а обратку не может алуға. Поэтому үй салқын. 

Қалалық құрылыс басқармасының басшысы жылуға қатысты барлық олқылықтар жойылғанын айтып ақталды. Ал жекелеген пәтерлерде батареялар дұрыс істемесе, кезекші топқа хабарласуға кеңес берді. Аталған мәселелер тек "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасымен салынған үйдің төңірегінде туындап отырғанын айта кетейік. Жеке құрылыс компаниялары тұрғызған көрші кешендерде мұндай проблема жоқ.

Самат Сәрсенғалиев, қалалық құрылыс басқармасының басшысы:

- Иә, кейбір пәтерлердің батареясында ақаулар болды. Мердігер жылуға қатысты қосымша жұмыстардан бас тартып отырған жоқ. Үйдің аумағында кезекші топ бар. Онда электрик пен ұста қызмет етеді. Әзірге тұрғындардан жылуға қатысты ешқандай өтініш түспеді.

Су жайылған үйлерді мердігер қарашаның ортасына дейін жөндеп беруге міндеттеледі. Енді тұрғындар жалдамалы пәтер аралап, ипотека мен әлі кірмеген үйдің коммуналдық қызметін қатар төлеуге мәжбүр. Бұған жағдайы жетпегендер жаңа, бірақ суық пәтерлеріне көшіп, жылу жүйесінің жөнделгенін күтеді. Ендігі үміт Үкімет пен қалалық әкімдікте. Себебі тұрғындар барлық мәселелерін жинақтап, шағым хатты жолдадық деп отыр. Қыс болса қыр астында.

Авторлар: Ғазиза Мұхамеджанова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы