422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Тұғыл ауылы ауыз суға тек қағаз жүзінде қосылған

  • 182
  • UPD: 22:57, 20.10.2020

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылын ауыз сумен қамту мәселесінің шешілер түрі көрінбейді. «Жанайқайымызға құлақ түрер ешкім жоқ» дейді тұрғындар. Қара халық мұның астарында бір шикілік бар екеніне сенімді. Себебі қағаз жүзінде ауыл орталық ауыз су жүйесіне осыдан екі жыл бұрын қосылып қойыпты. Бұл ақпаратты олар ресми өкілдерден алған екен. Ал шын мәнінде Ақбұлақ бағдарламасымен тартылған су 2019-дың соңында ғана қолданысқа берілген. Оның өзі 4 айдан кейін тоқтап қалыпты.

Судың тапшылығы қарапайым халықпен қатар сан түрлі сырқаттар келетін Тұғылдағы емхана ұжымына да қатты батып отыр. Індет жайлап тұрған уақытта мұндағыар залаласыздандыру дегенді ұмытқан.Лаборант Манира Садвокасова күнделікті қауіптің қақ ортасында жүрсе те,суды шелектеп тасып,ожаулап құйып жүр.

Су жоқ екен деп, басы ауырып балтыры сыздаған науқасты қайтарып жіберуге болмайды. Сондықтан емханада сақтықты екінші орынға қоюға тура келеді.

Манира Садвокосова, Тұғыл дәрігерлік амбулаториясының клиникалық лаборанты:

- Бізге де қауіпті, өзімізді қорғай алмаймыз біз 100 процент қорғай аламыз деп айта алмаймын, өйткені әр пациенттің артынан қолды жуып отыру керекпіз,осылай жуып 100 процент өзімізді сақтай аламыз деп айта алмаймыз.

Көктемнен бері көтеріліп келе жатқан ауыз су мәселесі алты ай жазда неге шешілмеді? Жобалаушы тарап пен мердігер компаниядан кеткен қателіктерге кім жауапты? Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының соншалықты салақ орындалуына не себеп? Тұғылдықтардың түсінбей отырған күмәнді сұрақтары осылар.Айтуларынша олар осы ауыз су ауылға тіпті қағаз жүзінде 2018 жылы беріліп қойған екен. Осы көзбояушылықтың кесірінен қарапайым халық зардап шегуде дейді наразы жұрт.

Гуля Зиятова,Тұғыл ауылының тұрғыны:

- 2018-де бұл су негізінен қабылданып қойған су болған, тек бір жылдан соң ғана бұл су халыққа берілді, төрт ақ ай ақты сәуірден бастап міне бір грамм су жоқ, бәрі шулап жүр.Қазіргі күнге дейін үйімде су жоқ, резервуар бәрі қайта  істеліп жатыр. Ешқандай нәтиже жоқ. Қайда барсақ та ешкімнен бізге жауап жоқ. Еш нәтиже жоқ.

Жауапты мамандар «Таза ауыз су әрбір үйде, әр отбасында болуы керек» деген Президенттің тапсырмасына атүсті қарап отыр дейді тұғылдықтар. Тіпті ауыл қариялары су құбырының қалай болса солай тартылғанын өз көздерімен көріпті. Ал бұл салғырттықтың соңы болашақта талай келеңсіздікке әкелері сөзсіз.

Бағила Ерғалиева, Тұғыл ауылдық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі:

- Ешқандай маман болған жоқ,ұсақ түйек біреулер келді де шлянганы лақытар салды,Көзіміз көрді,шлянганы лақұытар лақтыра салды да айдап қойды.Өайдан ағады ол су білмеймін.Үлкен адам болып біз өзіміз айттық,мына шлянганы осылай тастамайды, алдымен құм салады деп.

Мердігер компания өкілдерінің қалың бұқараның наразылығана еттері үйреніп алған сыңайлы. Тіпті жұмыс істеткізбейді деп су сұраған елге реніш білдірді. Алайда ауыз судың нақты қашан боларын білмеді.

Қанат Қалелов, «ПМК құрылыс»ЖШС директоры:

- Резервуардың ақаулары жойылып, бәрін бітіріп, скважина тағы қазылуда соның бәрі қосылғаннан кейін бірақ беріңдер деді біз жақсы дедік, Ол қашан?-Мерзімін енді қазір тап басып айта алмай тұрмын. 

Ұшы-қиыры жоқ осындай себеп пен сылтаулар қарайған халықты әбден қажытқан. Ал салынбай жатып ақау шыққан резервуар басында қаптаған жұмысшы көрінбейді. 

Эльмира Ахметова тілші:

- Міне осыең негізгі құрылыс алаңы.Осы жерде екі резервуар орналасқан оның біреуі  бойынша жұмыс жартылай аяқталып тұр,қазір қабырғалдарын бетондау жұмыстары істеліп жатыр екен.Ал екіншісі бойынша жұмыстың қашан басталып  қашан аяқталатыны белгісіз.өйткені мердігерлерде жаңа себеп пайда болды.Жұмыс күші жетпей жатыр екен.

Айта кетейік, аузы сумен қамтуда әзірге екі қателік туралы айтылып келеді.Біріншіден 30 жылдана астам уақыт бұрын қазылған ұңғыма зерттелместен жарамды деп саналған. Нәтижесінде суы сарқылған. Екіншіден, мердігер салған  резервуар шұрық тесік болып, су тоқтамаған. Ал ауыл халқы болса ұлы Абайша айтқанда «жартасқа бардым, күнде айғай салдым, одан да шықты жаңғырық» деп сенделіп жүр.

Авторлар: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы