423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО: құстарға вакцина салу жұмыстары аяқталды

  • 168
  • UPD: 23:58, 20.10.2020
ШҚО: құстарға вакцина салу жұмыстары аяқталды

Шығыс Қазақстан облысында құс тұмауына қарсы вакцина салу жұмыстары аяқталды.

Қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында Бесқарағай ауданы Башкөл ауылдық округінде 6 ауладан 35 қаз-үйрек өлген. Жедел жеткен мамандар талдама жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесінде құс тұмауы расталған. Ветеринар мамандар бірден сақтық шараларын күшейтіп аталған ауылдық округті келесі айдың басына дейін карантинге жапты. Өлген құстармен қатар үйрек, қаз, тауық сынды 200-ден астам үй құсы өртелді. Өскемен мен Семей құс фабрикасы маңындағы 20 шақырым аумақта орналасқан шаруашылықтарда, Павлодар, Қарағанды облыстары және Ресеймен шектесетін елді мекендерде жалпы саны 178 мың құсқа екпе егілді. Екі аптадан бері жаңа дерек тіркелмеген. Мамандардың айтуынша құс тұмауы сол маңдағы табиғи су қоймаларына қонған жыл құстарынан жұққан. Қырылған үй құстарының иелеріне өтемақы төлеу мәселесі осы айдың соңына дейін шешіледі.

Ертай Батхолдин,  ветеринария басқармасы  басшысының орынбасары:

- Құстардың құнын өтеу туралы облыстық комиссия бар.Әрбір тоқсанда бағасын шығарып отырады,Енді бізде қыркүйек айында баға бар. Алайда құстар қазан айында өлгендіктен осы қазан айының аяғына таман шешім шығарады бағасына. Нақтыланып, бағаланып, есептелініп жалпы 1 миллион теңгеден астам ақша, халыққа төленеді.

Хабар 24 телеарнасы