422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тергеу изоляторында отырғандар сайт арқылы керек затына тапсырыс бере алатын болды

  • 188
  • UPD: 23:23, 20.10.2020

Тергеу изоляторында отырған айыпталушылар электронды дүкен арқылы қажетті азық-түлік, фаст-фуд өнімдері мен жеке гигиена заттарына тапсырыс бере алады. 2019 жылы Алматы қаласы мен Алматы, Ақмола облыстарында қолға алынған пилоттық жоба енді еліміздің барлық аймағындағы қылмыстық-атқару мекемелеріне енгізіледі.

Электронды дүкен қызметі айыпталушылардың ата-анасы мен туыстарына тиімді. Әсіресе пандемия уақытында өте қолайлы. Шалғай жерде тұратындар тергеу изоляторына сәлемдеме тасып әуре болмайды. Сайт арқылы қажетті заттарға тапсырыс беріп, жеткізу қызметін пайдалана алады. Немесе айыпталушы жеке логиніне ата-анасы жіберген ақшасымен терминал арқылы өзі тапсырыс бере алады.

Айыпталушы:

- Көбіне сол тәттілер, ыстық тамақ та бар ішінде. Жаңағы сабын, кір сабын, нәски бәрі бар ішінде. Керекті заттың бәрі бар. Тек екі аптада бір, продуктіміз бітейін дегенде заказ береміз. Ыңғайлы, тез келеді. Ешкім кезекте тұрмайды. Мына жаққа келіп. Осы ыңғайлы бізге.

Жеткізу қызметі жақсы-ақ. Бірақ жабық мекеме болғандықтан тыйым салынған заттарды қалай да кіргізуді көздейтіндер де кездеседі. Сондықтан әр сәлемдеме мұқият тексеруден өтеді. 

Әсет Жұмадиев,   ҚАЖД  ЛА-155/18 мекемесінің басшысы:

- Тапсырыс келісім жасалған компанияның арнайы қаптамасымен болуы тиіс. Бізге келген соң, қорап әуежайлардағы сияқты сканер құралдардан өтеді. Содан кейін мекеме қызметкері  айыпталушыға апарып, көзінше қорапты ашып, ішіндегі әр затты мұқият тексереді. 

Электронды дүкен қызметі іске қосылғалы бері тергеу изоляторына 10 мыңнан аса сәлемдеме келген. Пилоттық жоба ретінде сынақтан өткен қызмет түрі енді еліміздегі барлық қылмыстық-атқару мекемелеріне енгізіледі.

Авторлар: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы