425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында ауылды дамыту толық жүзеге аспай тұр – ҚКХП

  • 237
  • UPD: 23:43, 20.10.2020

Атырауда Қазақстан коммунистік халықтық партиясының мүшелері «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады.

Жиынға шаруашылық саласының өкілдері де қатысты.

Партия мүшелерінің пікірінше, мұнайлы өңірде шалғай жатқан ауылдарды дамыту бағдарламасы толық іске аспаған. Елді мекендерде халықтың әл-ауқатының төмен екені, инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандардың жоқтығы байқалады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының да толық жүзеге аспай отырғаны да айтылды. Партия мүшелері өзекті мәселелерді шешу үшін бірқатар шара қабылдауды ұсынды.

Ерболат Дәулетқазиев, ҚКХП Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы:

- Жастар баруы үшін зарплата жоқ, бір. Анда барғанда жұмысты қамтитындай. Әлеуметтік жағдай жоқ. Жастар барғасын жағдай жасалу керек. Сосын, қазіргі уақытта жастар ауылда жұмыс жасағысы келмейді. Ауылдан қалаға келіп, қаладан жұмыс істейді. Сол бағдарлама. Ауылда зарплата жоқ болғасын ауылда не істесін.

Хабар 24 телеарнасы