425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында кинотеатрлардың жұмысына рұқсат беріледі

  • 149
  • UPD: 09:00, 21.10.2020

Атырау облысында карантин режимі жеңілдетіліп жатыр. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, мұнайлы өңірде 26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысын қайта бастайды.

Алайда өзге нысандар секілді мұнда да сақтық шаралары қатаң сақталуы керек. Сондай-ақ, жалпы сыйымдылық 30 проценттен аспауы тиіс. Сонымен қатар, қаулыға енгізілген өзгертулер бойынша сенбі күні сауда орталықтары мен жабық базарлар жұмыс істей алады. Бірақ жексенбі және мереке күндері бұл нысандардың қызметіне тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы