425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы Тұғыл ауылының тұрғындары Зайсан көліндегі дамбадан қауіптеніп отыр

  • 189
  • UPD: 08:00, 21.10.2020
ШҚО-дағы Тұғыл ауылының тұрғындары Зайсан көліндегі дамбадан қауіптеніп отыр

Айтуларынша 60 жылдан астам бұрын салынған гидроқұрылғыға әлі бірде-бір рет жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жағаны толқын шаюдан сақтауға арналған бөгеттің бүгінде тозығы жетіп тұр. Бетон жабындылары үгітіліп, астындағы топырақты ығыстыра бастаған.Сондықтан жұрт алдын ала қам жасалса деген ниетте. Өйткені дамба жарылатын болса, жагадағы Тұғыл түгелдей су астында қалуы мүмкін. Жергілікті билік бұл мәселеден хабардармыз деп отыр. Сондықтан алдымен құрылғының қаншалықты тозып тұрғандығын зерттеп алмақ. Ал ауылдықтар шаруа созылып кетпесе деп алаңдаулы.

Абайбек Оқасов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі:

– Жөндеу керек, Мен балықшы болғанмын, түсінемін. Дамба құлайтын болса, су жағаны құлатады, ауылды су алуы да ғажап емес.

Хабар 24 телеарнасы