422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының полицейлері браконьерлермен күресті жалғастыруда

  • 129
Алматы облысының полицейлері браконьерлермен күресті жалғастыруда

«Алматы облысында бір апта ішінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 156 дерегі анықталды», – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алматы облысының полиция қызметкерлері 12 қазан-11 қараша аралығында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. 

Аталған іс-шара табиғатты қорғау заңнамасына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

«Бір апта ішінде облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 156 дерегі анықталды. Оның 106 фактісі заңсыз аң аулау және балық аулау, 27 фактісі аңшы қаруын алып жүру, тасымалдау және сақтау тәртібін бұзу, 2 фактісі ағаштарды заңсыз кесу», – дейді ПД ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ерлан Куджаков.

Мәселен, аталған іс-шара барысында бір автокөлікті тексеру кезінде көлік құралының артқы орындығынан қандай да бір құжаттарсыз, шығу тегі белгісіз тері мен ет табылып, тәркіленді. 

Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

 

Хабар 24 телеарнасы