425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысындағы агрокәсіпкерлікте кедергілер туындап отыр

  • 152
  • UPD: 14:28, 21.10.2020
Қызылорда облысындағы агрокәсіпкерлікте кедергілер туындап отыр

Қожалық иелерінің айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде Аграрлық несие корпорациясының агробизнесті қолдауға қаржысы жоқ.

Кәсіпкерлер уәкілетті органдардан агрокорпорацияға қосымша қаражат бөлініп, кепілдендіру саясатының қайта қаралуын сұрайды. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қарыз алушыға қоятын талаптарының жеңілдетілуін қалайды. Өңірде соңғы 1,5 жыл ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 100-денастам жоба мақұлданып, 83-і Аграрлық несиелеу корпорациясы арқылы қаржыландырылған. Ал екінші деңгейлі банктер тарапынан тек бір ғана бизнес жобаның жүзеге асуына ықпал жасалған.

Қайрат Боранбаев, кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы:

– Агронесие корпорациясының жаңа жобаларды қаржыландыратын мүмкіндігі жоқ. Ал ұлттық банк өз кезегінде мемлекеттік кепілдік болуын талап етеді. Жалпы осы кепілдік мәселесін шешу үшін жылға жуық уақыт кетеді. Біріншіден, ауылда орналасқан жылжымайтын мүлік пен техника кепіл ретінде бағаланбайды. Екіншіден, проценттік мөлшерлемесі жоғары. Үшіншіден, ұсынымдар екінші деңгейлі банктерде ұзақ қаралады. Және ол жобаның қолдау табатынына сенімділік жоқ.

Хабар 24 телеарнасы