422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавируспен күреске қосымша 238,7 млрд теңге бөлу ұсынылды

  • 180
Коронавируспен күреске қосымша 238,7 млрд теңге бөлу ұсынылды

Медициналық қызметкерлерді қолдауға және COVID-19-дың таралуы мүмкін екінші толқынына қарсы шараларға 238,7 миллирд теңге қосымша шығындар көзделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Министр бұл соманы 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің заң жобасына енгізуді ұсынды. Аталған қаражат бірнеше бағытқа жұмсалмақ. Мысалы, карантиндік шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне 143,4 миллиард теңгеге қосымша төлемақы көзделген. Ал эпидемиямен күреске қатысқан Ішкі істер орган қызметкерлеріне сыйақы төлеу ретінде 11 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы