423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көлігін дұрыс қоймағандарға енді айыппұл тіркеледі

  • 407
Көлігін дұрыс қоймағандарға енді айыппұл тіркеледі

 

Елордада тыйым салынған жерлерге көлігін тастап кеткендерді автоматты түрде тіркейтін жүйе пайда болды.

Арнайы құрылғы қазір 4 көлікке орнатылды. Олар ертеңнен бастап қала көшелеріне шығады. Жаңа жүйе ережені елемеген темір тұлпарларың нөмірін, орнын және уақытын тіркейді. Кейін иесіне айыппұл жіберіледі. Айта кету керек, тың бастамаға мемлекет тарапынан қаржы жұмсалған жоқ. Жекенің қаражаты тартылды. Алдағы жылдары дәл осылай патрульдік полиция көліктерін де жарақтандыру жоспарланып отыр.     

Бауыржан Тоғжұманов, қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

Бұл автокөлік жүру барысында арнайы кешен құқық бұзушылықты анықтап, арнайы базаға енгізу арқылы ұйғарым шығарылады. Кейін жүргізушіге SMS хабарлама келеді. 7 күннің ішінде төлесе, 50% жеңілдік бар.

Хабар 24 телеарнасы