429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқу жылы басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырды

  • 325
  • UPD: 16:50, 21.10.2020
Оқу жылы басталғалы қанша оқушы коронавирус жұқтырды

Оқу жылы басталғаннан бері оқушылар арасында коронавирустың 250 жағдайы тіркелді.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде айтты.

«Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 105 жағдай тіркелді, 1426 қарым-қатынаста болған адам бар. Олардың ішінде 19 оң жағдай анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай тіркелді. Байланыста болған 348 адам бар. Олардың арасында 22 оң жағдай анықталды», - деді.

Хабар 24 телеарнасы