429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханалары қашан ашылатыны айтылды

  • 284
  • UPD: 16:52, 21.10.2020
Елімізде салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханалары қашан ашылатыны айтылды

Республика бойынша қосымша 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр.

«Бүгінде Алматы, Талдықорған, Ақтау қалаларында құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, іске қосылып жатыр. Жеті өңірде – Жезқазған, Көкшетау, Қостанай, Атырау, Павлодар, Петропавл, Оралда қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Қызылорда, Түркістан қалаларында құрылыс-монтаж жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарланып отыр», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ Атырау облысының Құлсары қаласында, ШҚО, Жамбыл облыстарында жергілікті бюджет қаражаты есебінен ғимараттар толық жабдықталып, қайта жаңартудан өткен қосымша 3 инфекциялық стационар ашылған.

Хабар 24 телеарнасы