419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сауда орталықтары қашаннан бастап демалыс күндері жұмыс істейді?

  • 471
Сауда орталықтары қашаннан бастап демалыс күндері жұмыс істейді?

Демалыс күндері елордадағы сауда орталықтарының қайта ашылатын күні эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

«Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Әзірге эпидемиологиялық жағдай келесі демалыс күндері сауда орталықтарын ашуға мүмкіндік бермейді. Қазір бізде жеңілдік жасауға мүмкіндік жоқ, COVID-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Мәселен, кеше 29 жағдай балалар арасында да, ересектер арасында да тіркелді. Көбінесе олар симптомды түрімен ауырады. Сондай-ақ аурудың алдыңғы аптамен салыстырғанда өсуі байқалады. Бүгін, бесінші күні, елорда «жасыл» аймақта тұр. Осы көрсеткіштер 14 күн бойы сақталғаннан кейін ғана жеңілдету туралы айтуға болады», – деп түсіндірді Жанна Пірәлиева.

Сұхбаттасушы сонымен қатар аймақтың түсі арнайы матрица арқылы анықталатынын атап өтті. Репродуктивті сан аурушаңдық деңгейі бір күнге көтерілген жағдайдың өзінде санау қайта басталады.

Хабар 24 телеарнасы