422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте өтіп жатқан жәрмеңкеде карантин талаптары бұзылды

  • 154
  • UPD: 18:04, 21.10.2020
Шымкентте өтіп жатқан жәрмеңкеде карантин талаптары бұзылды

Шымкентте өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде карантин талаптары бұзылған.

Бұл туралы мониторингтік тексеру жасаған мамандар мәлімдеді. Олардың айтуынша, жәрмеңкеге келген тұтынушылардың дене қызуы тексерілмейді, хабарлайды «Хабар 24».

Ал сатушылардың дені бетперде тақпай сауда-саттық жасаған. Кіреберістегі дезинфекциялық дәліздегі құрылғы істен шыққан. Сөредегі бағаларға үңілген халық арақашықтықты сақтамайды. Дәл осындай жәрмеңкелер аптаның үш күнінде қаланың 4 ауданында өткізіледі. Демалыс күндері көптеген сауда орындары жабық тұрады. Тек ашық аспан астындағы базарларға ғана рұқсат етілген. Мамандардың сөзіне сүйенсек, санитарлық талапқа атүсті қараған жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Роза Журашева, қала тұрғыны:

- Бағалары жүдә қымбат. Көңілге қонбайды. Біз зейнеттегі адамбыз, сондықтан біз сияқтылардығ, жалпы халықты ойлау керек қой. Санитарлық талап көрінбей жатыр. Санитарлық жағына қарап қою керек.

Клара Адырбаева, Еңбекші аудандық ткқсқб басқармасы басшысының орынбасары:

- Өткен апталарда жәрмеңкеге қатысты бірнеше карантин талабы бұзылған деректер анықталды. Ол жерде келушілердің барлығының дене қызуы тексерілмеген. Сатушылар мен тұтынушылардың жеке басын қорғайтын қорғаныш құралдары болмай шықты. Мамандар дезинфекциялық дәліздің істен шыққанын анықтады. Карантин талаптарының сақталмауына қатысты шара қолданылу үшін жауапты мекемелерге хат жолданды. Қала әкіміне де хабарланды.

Хабар 24 телеарнасы