422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстерінің саны қысқарады

  • 144
  • UPD: 19:56, 21.10.2020
26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстерінің саны қысқарады

26 қазаннан бастап халықаралық транзиттік тасымалды іске асыратын көлік жүргізушілері шекарада ПТР-тестті көрсетуі тиіс.

Қолдарында нәтижесі болмаса, онда олар карантинге алынады, хабарлайды «Хабар 24».

Вирустың таралуын алдын алу мақсатында халықаралық әуе рейстерінің де саны қысқарады. Атап айтқанда, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Беларусь, Түркиямен арадағы әуе рейстерінің жиілігі сирейді. 6 қазаннан бастап мемлекеттік шекарада санитарлық бақылау күшейтілген еді. Сәйкесінше, сырттан ұшып келгендер ПТР-тест нәтижесін көрсетуі тиіс. Осы аралықта 34 мыңнан астам жолаушы келген. Қолында тест қорытындысы жоқтарды оқшаулау нәтижесінде 19 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Олар негізінен Түркия, БАӘ, Ресей, Египеттен ұшып келгендер.

Хабар 24 телеарнасы