425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақсайда Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленген мурал пайда болды

  • 206
  • UPD: 22:56, 21.10.2020
Ақсайда Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленген мурал пайда болды

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында Абай Құнанбайұлының суреті бейнеленген мурал пайда болды, хабарлайды «Хабар 24».

Туынды авторлары – ағайынды Яков пен Дарья Полищук. Қылқалам шеберлері бұған дейін Бауыржан Момышұлы мен Батырхан Шүкеновтің бейнесін көп қабатты үйдің қабырғасына салғанды. Белгілі тұлғалар бейнесін сомдауды олар былтырдан бастап демеушілер қаржысы есебінен қолға алыпты. Суреттердің бастапқы нұсқалары жергілікті тұрғындардың талқысынан өткен. Таңдалған бояуы да ауа температурасының кез келген жағдайына төзімді екен. Ең бастысы, «биіктікте жұмыс істеу барысында қауіпсіздік талаптарына баса мән берілді»,- дейді мамандар.

Асланбек Ибасов, Бөрлі аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы:

- Сақтандыру белбеулері бар, бәрі де талапқа сай. Бастапқы екі муралдың бірі панелді үйдің, ал екіншісі кірпіш үйдің қабырғасына салынды. Бұл өте қиын жұмыс. Келер жылы бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы