423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

KPO BV компаниясы БҚО-ның әлеуметтік дамуына 416 млн теңге қаржы салды

  • 176
  • UPD: 12:58, 22.10.2020
https://www.youtube.com/watch?v=R7Z4f1G8TOI&feature=youtu.be

Батыс Қазақстан облысының 7 ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Аталған жобаларды KPO BV компаниясы қаржыландырады. Әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орнын игеруші компаниялардың бірі саналатын Қарашығанақ аймақтың әлеуметтік дамуына 416 миллион теңгеден аса қаржы салған. Пандемияға қарамастан биыл инвестор қаржысына Орал қаласындағы екі бірдей ірі нысанның құрылысы аяқталды.

Батыс Қазақстан облысы жол сапасы жөнінен еліміздегі ең артта қалған аймақ саналатын. Бірақ жағдай біртіндеп оңалып келеді. Бұл істе KPO BV компаниясының да үлесі мол. Тек соңғы 4 жылда инвестор 100 шақырымнан аса автокөлік жолын жөндеуге атсалысты. Асфальт жолдар алыстағы Жәнібек пен Бөкейордасы аудандарына да төселе бастады. Ал, облыс орталығында екі көпір қайта жөнделді. Қыркүйек айында кен орнына жақын жердегі айналма жолды жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ержан Әубәкіров, КПО компаниясының әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы:

- Тұңғыш пен Приуральный ауылдары арасында жатқан Ақсай қаласының орталық бөлігінде көлік ағынын азайту үшін қосымша бағыттар ашу бағытында жұмыстар жүргізілді. Қазір тұрғындар ауылдарына жол жақсы болған соң жылдам жетеді.

Оралдағы эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан еді. Енді КПО компаниясының қаржысына 3 қабатты жаңа кешен салынды. Қазір мұнда кең де жарық пән кабинеттеріне қоса заманауи қондырғылармен қамтылған спорт залы, зертхана мен шеберхана жұмыс істеп тұр. Қазір компания Ақсайдағы аудандық аурухананы жөндеуге кірісті.

Ержан Әубәкіров, КПО компаниясының әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы:

- Нысанды жөндеумен бірге әлемдік бренд санатындағы компьютерлік томография секілді су жаңа медициналық қондырғылармен қамту көзделіп отыр. Сонымен бірге аурухана мамандарын оқыту және кеңес беру қызметтері де ұсынылады.

Компания қаржысына қазір 7 ауылда денешынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Жаңақаладағы спорт кешені пайдалануға берілді. Қайырымдылық істер де басты назарда. Індет кезінде облыстағы емханалар мен ауруханалар қорғаныш құралдарымен және медициналық препараттармен қамтылды.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы