423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Соңғы екі айда 20 мың өзбек азаматы шекарадан өткен

  • 367
  • UPD: 01:14, 22.10.2020
Соңғы екі айда 20 мың өзбек азаматы шекарадан өткен

Карантин талаптарына сәйкес Қазақстан Өзбекстан азаматтарын шекарадан өткізе алмайды, хабарлайды «Хабар 24».

Олар өз елдеріне тек өзбек дипломаттарының көмегімен, арнайы автобустар немесе пойызбен жете алады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Оның айтуынша, қыркүйек, қазан айларында Қазақстан арқылы 20 мыңға жуық Өзбекстан азаматы өз еліне жеткізілді. Коронавирус індеті басталғалы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының өз елдеріне қайтуына көмек көрсетіп келеді.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Қазіргі таңда «Ресей Федерациясы мен Қазақстан шекарасында біраз өзбек азаматтары жиналды» деген ақпарат келіп түсіп жатыр. Бұл туралы бізге Өзбек тарапынан ешқандай өтініш әлі келіп түскен жоқ. Қолда бар ақапаратқа сәйкес бұл азаматтар өздерінің жеке көліктерімен Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жетпекші. Бірақ карантин талаптарына сәйкес ондай мүмкіншілік бере алмаймыз. Егер олар өз елдеріне жетемін десе, тек қана өзбек диплопаттарының көмегімен арнайы автобустармен немесе пойызбен жете алады.

Хабар 24 телеарнасы